Біз туралы

ҚАРАҒАНДЫ ҚҰЮ-МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ
ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР ЖӘНЕ ТИІМДІ БАҒА САЯСАТЫ

Қарағанды құю-машина жасау зауыты 1940 жылы құрылған. Зауыт – өңірдің және жалпы Қазақстанның ірі машина жасау кәсіпорындарының бірі.

КЛМЗ ең жаңа еуропалық жабдықтар мен тәжірибелі мамандардың үйлесімді тобынан құралған. Бұл айына 500 тоннадан астам өнім қуатымен толық жұмыс процесінің сенімді жүруін қамтамасыз етеді.

Зауыттың қуатты өндірістік базасы бар. Бұл жобадағы идеяны іске асырудан бастап дайын нысанды тапсырғанға дейінгі бұйымдарды өндіру кезінде әрбір тапсырыс берушінің сұранысын барынша дәл қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Пайдалануда негізгі жабдықтың 53, сандық бағдарламалық басқарылатын станоктар (CNC) және қосалқы жабдықтар мен өлшеу құралдарының 230 бірлігі бар.

Сондай-ақ, «SIEMENS NX» компаниясының бағдарламалық өнімдер базасында, CAD, CAM және Тeamcenter бұйымының циклін басқару жүйесінде жұмыс істейтін 50 конструкторлар мен технологтардан тұратын команда құралған.

Зауыт өнімдерінің қолданыстағы номенклатурасы қосалқы бөлшектер мен шығын материалдардан бастап, тау-кен байыту жабдықтарына дейін 12000 атауға жуық.

Жоғары технологиялық шешімдер мен тиімді баға саясаты біздің тұтынушыларымызға сапа кепілдігі және жеткізудің ең аз мерзімімен өндірістің оңтайлы шарттарын ұсынуға мүмкіндік береді.