ТАПСЫРЫС БЕРУШІ ҮШІН
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Коммерциялық қызмет тапсырыс берушілермен тікелей байланыс орнатуды көздейді (электрондық құжат айналымы, электрондық пошта, телефон, мессенджерлер). Әрбір клиентке ақпараттық қолдауды жүзеге асыратын жауапты менеджер бекітілетін болады. Қажет болған жағдайда тапсырыс берушілердің кәсіпорындарына шығу ұйымдастырылады.
1. Өңірлік өкілдіктер құру жоспарлануда.
2. Біздің мамандар барлық салалық көрмелерге, форумдарға, конференцияларға қатысады.
3. Сауда/тендерлік/биржалық алаңдарға күнделікті мониторинг жүргізіледі.
4. Біз коммерциялық ұсынысты ұсыну мерзімін қысқарту мақсатында баға ұсынысын есептеу жүйесімен жұмыс істейміз.
5. Біз ҚР-да машина жасау өнімдеріне қажеттілік туралы ақпарат алу үшін «Атамекен» сыртқы сауда өкілдерімен, машина жасаушылар Одағымен, өнеркәсіп комитетімен және басқа да ұйымдармен сындарлы өзара байланыс арналарын жолға қойдық.
6. Біз тапсырыс берушілерге одан әрі сату үшін жабдықтар мен қосалқы бөлшектердің жаңа номенклатурасын игеруге/дайындауға дайынбыз.
7. Өңірлерде білікті техникалық қолдау құру жоспарлануда.